Мектеп туралы
Құрметті сайт қонақтары!
Тобыл қаласының балалар музыка мектебінің сайтына қош келдіңіздер.
Сіздер мектеп өміріндегі жаңалықтардан хабардар болып, жоспарланған жұмыстарды көре аласыздар, кеңестер мен ұсынымдарды пайдаланып, мектебіміздің маңызды іс-шараларына қатыса аласыздар.
Мектебіміздің дәстүрі — тұрақтылық, педагогикалық ұжымның жоғары кәсібилігі және жаңашыл қызметке ұмтылысы. Мектеп оқушылардың тұтас әрі жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Біздің міндетіміз: оқыта отырып — тәрбиелеу, тәрбиелей отырып — оқыту.
Мектебімізбен, оның дарынды оқушыларымен және талантты ұстаздарымен танысу сіздерге қуаныш пен жақсы әсер сыйлайды деп сенеміз.
Мектеп миссиясы
Музыкалық өнер арқылы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік, интеллектуалдық, шығармашылық және тұлғалық дамуын тұтас қалыптастыру.
Ұйым туралы мәлімет
- Қосымша білім беру ұйымының толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай ауданы білім бөлімінің балалар музыка мектебі» КММ.
- Қысқартылған атауы: УОАКО «ДМШ» Тобыл қ.
- Мекенжайы: 111100, Қостанай облысы, Тобыл қ., Ленин көшесі 259, 2-қабат.
- Құрылған жылы: 2001 ж.
- Мектептің жұмыс уақыты: Дс-Сб: 08.00-18.00.
- Мектеп әкімшілігінің жұмыс уақыты: Дс-Жм: 09.00-18.00.